ЕНТ • Казахская литератураМәтінді Түсіну
Задача ЕНТ — Мәтінді Түсіну
Разбор и объяснение. Решай похожие задачи на полном пробном тесте.
Контекст
1. Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бірақ әлі талған жоқ. Әлі де кітап бетіне үңілуде. Әр алуан тілдерде туған бұл кітаптар бүгін осы жерге оқыс келіп, қызық бас қосқан. Абай жақсы ұғынатын шағатай, түркі кітаптарымен қатар, тілін Абай қинал ып түсінетін араб, парсы және олардан көрі де әлі ауырырақ тиетін орыс тіліндегі кітаптар.
2. Абайдың жайшылықтағы оқуынан бүгінгі оқуының мақсаты да басқа. Кітаптан алатын білім нұсқаның бүгін тіршіліктің қолма-қол керегі үшін асығыс қажет болған бір шағы еді. Абай соңғы күндерде өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде. Ол бір ескі "ғалымдар" ма, "рауаилар" ма, солардай бір күйде отыр.
3. Парсы, түркі кітаптары бұны біресе Шираздың гүлзарына әкетеді. Самарқанның мазар ғимараттарына қадалтады. Мәру, Мешһедтің миуалы, бұлбұлды бақтарына, салқын, самал хауыздарына үңілтеді. Ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, медреселеріне, кітапханаларына тартады. Орта Азия, Иран, Араб жер-суы, шөл-құмы, қала-сауда тірлігін айқын тани түскендей болады. Абайды бүгін өзіне үңілдірген – жаңағы елдер мен уәлаяттардың көрінісі.
4. Оқи отырып, кей жайларды анық айқын етіп хатқа жазып келеді. Керуен көшетін сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да бүгін айрықша керек болған.
5. Бұл кітаптардан алған хабардың бәрі қазір аттанатын жолаушы үшін керек. Абай оқи отырып, кей кездерде, бала шақтан көп естіген сонау алыс мұнар ішіндегі шаһар, уәлаяттарға беттеп, "осы сапарға өзім жүрер ме едім" деп, қызығып та қояды. Көрмек, білмекке қызығады.
6. Ашық терезеден оқыс соққан салқын жел келді. Үлкен, жеңіл ақ пердені жел үйірді. Шалқыта толқытып кеп, жақын тұрған биік үстелдің үстіндегі кітаптарға төндірді. Перде біресе ойнаған баладай боп, Абай оқып отырған кітап бетін жасыра бүркеп қалады, біресе желпи қағып, кітаптың, жазуларын сыпырып ұшыруға тырысқандай болады.
7. Абай жаңа байқады, артындағы үлкен есік кең ашылып, ар жағында келе жатқан бір сый адамды күткендей екен.
8. Таң атқалы бұл бөлменің есігі ашылып, кісі кіргені осы еді. Абай бұрылып қарай бере, келе жатқандардың кім екенін білді. Жай басып, ауыр тыныс алып, демігіп келе жатқан өзінің шешесі. Бұл күнде денесі ауырлап, жүріс қозғалысы үлкен қиындыққа айналған Ұлжан есіктен кеп көрінгенде, оның екі жағынан екі әйел қолтықтап, сүйеп келеді екен. Абай орнынан шапшаң тұрып шешесіне көрпе салды. Түсі Абайға ұқсаған, сәнмен киінген ақсұр сұлу келіншек жастықтар әкеп қойды. Барлық тұлғасы Құнанбай тектес бұл жас әйел – осы үйдің келіні, Абайдың апасы – Мәкіш. Екінші әйел – Ұлжанның ауылдан ере жүрген жолдасы – Қалиқа. Ол бәйбішенің алдына жалтыраған жез шылапшын мен қашқардың әсем, сопақ құманын әкеп, су құйды. Мәкіш кең бөлменің ортасындағы топсалы үстелді қайырып жазды да, ашық есікке қарай дыбыс беріп: – Ал, әкел, жасай бер! – деді.
9. Үйге Мәкіштің өзі құрбылас ақ қызыл жүзді, сұңғақ бойлы келіншек кірді. Оқа жақ салған, қара мақпал кемзалы бар, самай шашы сары майдай жылтырап таралған, келісті келіншек дастарқан жайып, қонақтарға арналған таңертеңгі асты жасауға кірісті.

Абайдың оқыған кітаптары оны қай жерлердің көрінісіне ойша саяхаттатты?
Варианты ответа
- Ресейдің Сібір мен Қиыр Шығыс аймақтарына.
- Шираз, Самарқан, Ғырат, Бағдат сияқты Орта Азия, Иран, Араб жерлеріне.
- Қазақ даласының әр түкпіріне.
- Еуропа мен Америка қалаларына.
Хочешь решить полный пробный тест?
Bilimqor — бесплатно, в формате реального ЕНТ. 120 вопросов, 5 предметов, 4 часа.
Начать пробный тест →