ЕНТ • Казахский язык
Задача ЕНТ по предмету «Казахский язык»
Разбор и объяснение. Решай похожие задачи на полном пробном тесте.
Контекст
Жастар мәселесінің түйіткілдері
1. Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Жастардың өсіп-өнуіне жан-жақты жағдай қарастырылуда.
2. Елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы белгілі. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
3. Жастарды, әсіресе, жұмыссыз, табысы аз, мүгедек, осал топтарға жататын санаттағы жастарды қоғам өміріне тарту мақсатында елімізде бірқатар заңдар қабылданып жатыр. Сондай заңның бірі – «Қазақстан Республикасы мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары қабылдады.

Бірінші азатжолда айтылған ынталандыру шараларының негізгі мақсаты не?
Варианты ответа
- Жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу
- Жастардың шетелге кетуін тоқтату
- Жастарды ауыл шаруашылығына тарту
- Жастардың саяси белсенділігін арттыру
Хочешь решить полный пробный тест?
Bilimqor — бесплатно, в формате реального ЕНТ. 120 вопросов, 5 предметов, 4 часа.
Начать пробный тест →